Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
225
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
D Жад бітті
Жад картасы толық болса, аралықты реттейтін таймер қосылып
тұрады, бірақ суреттер түсірілмейді. Бірнеше суретті өшіргеннен кейін
немесе фотокамераны өшіріп, басқа жад картасын салғаннан кейін
суретке түсіруді жалғастырыңыз.
D Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
Таңдалған суреттер санын түсіру үшін керек уақыттан ұзағырақ
аралықты таңдаңыз жəне жарқылды пайдаланып жатсаңыз, жарқылды
зарядтау үшін керек уақытты таңдаңыз. Бұл аралық тым қысқа болса,
түсірілген фотосуреттер саны 2-қадамда көрсетілген жалпы саннан (əр
аралықтағы суреттер санына көбейтілген аралықтар саны) азырақ
болуы мүмкін немесе жарқыл толық экспозиция үш
ін қажетті
ден азырақ
қуатпен жануы мүмкін. Аралық 00:00’0.5” деп орнатылған болса жəне
Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) жəне Interval
priority (Аралық басымдығы) параметрлерінің екеуі де қосулы болса,
аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру басталмайды.
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді
фотокамераның кейбір мүмкіндіктерімен, соның ішінде бейнефильм
жазумен, таймлапс-бейнелермен, ұзақ экспозициялармен (қолмен
басылу нем
есе уақыт режимінде фот
осурет түсіру), бірнеше
экспозициямен, HDR (жоғары динамикалық ауқыммен) жəне фокусты
жылжытумен бірге пайдалану мүмкін емес. Əр аралықта кескіндерді
жазу үшін керек ысырма жылдамдығы, кадр жылдамдығы жəне уақыт
өзгеріп отыруы мүмкін болғандықтан, бір аралықтың соңы мен
келесісінің басы арасындағы уақыт өзгеріп отыруы мүмкін. Суретке
түсіруді жалғастыру мүмкін емес болса немесе ағы
мда
ғы
параметрлерде өзгерістерді қолдану мүмкін емес болса (мысалы, M
режимінде Bulb (Қолмен басылу режимі) немесе Time (Уақыт)
ысырма жылдамдығы таңдалған, аралық нөл немесе басталу уақыты
бір минуттан азырақ болса), ескерту көрсетіледі.
Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер) (E) суретке түсіру
режимі таңдалса немесе фотокамераны өшірсе, содан кейін қайта
қосса аралықты рет
тейтін тайм
ер арқылы түсіру кідіртіледі
(фотокамера өшірулі болса, батареяларды жəне жад карталарын
аралықты реттейтін таймер арқылы түсіруді аяқтамастан ауыстыруға
болады). Суретке түсіруді аяқтау аралықты реттейтін таймер
параметрлеріне əсер етпейді.
D Суретке түсіру режимі
Таңдалған суретке түсіру режиміне қарамастан, фотокамера əр
аралықта көрсетілген түсірілімдер санын түсіреді.