Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
91
Суретке түсіру басқару элементтері
Бейнефильм режимінде ысырманы босату түймешігін басқанда
орындалатын əрекетті таңдауға болады (0 45).
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде ысырманы
босату түймешігін басу таймерді іске қоосады жəне таймердің
мерзімі біткенде фотосурет түсіріледі.
1 Өздігінен түсіруді реттейтін
таймер режимін таңдаңыз.
c (E) түймешігін басып тұрып, E
(өздігінен түсіруді реттейтін таймер)
параметрін белгілеу үшін басты
басқару дискін айналдырыңыз.
2 Ысырманы кешіктіріп босатуды
таңдаңыз.
Ысырманы кешіктіріп босатуды
таңдау үшін қосымша басқару дискін
айналдырыңыз жəне J түймешігін
басыңыз.
Параметр Сипаттама
U
Single frame
(Əр кадр
бойынша)
Ысырманы босату түймешігі басылған сайын
фотокамера бір фотосурет түсіреді. Таңдалған
параметрге қарамастан əрбір бейнефильмде ең
көбі 50 фотосурет түсіруге болады.
c
Continuous
(Үздіксіз)
Ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда
фотокамера əр ретте 3 (Z 7) немесе 2 (Z 6)
секундқа дейін фотосуреттер түсіреді. Кадр
жылдамдығы бейнефильм түсіру мəзірінде Frame
size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр
жылдамдығы) үшін таңдалған параметрге қарай
өзгеріп отырады. Бейнефильм жазу орындалып
жатқанда бір уақытта тек бір фотосуретті түсіруге
болады.