Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
41
Негізгі фотосурет түсіру жəне ойнату
Негізгі фотосурет түсіру
жəне ойнату
Бұл тарауда фотосуреттерді түсіру жəне көру негіздері
түсіндірілген.
Параметрлердің көпшілігін суретке түсіру жағдайларына сай
фотокамера басқаратын «бағытта да, түсір» автоматты режимі
болып табылатын b (автоматты) режимінде фотосуреттер
түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1 Фотокамераны қосыңыз.
Монитор жəне басқару панелі
жанады.
2 Фотосурет режимін
таңдаңыз.
Фотосурет/бейнефильм
селекторын C күйіне
айналдырыңыз.
Фотосуреттер түсіру (b режимі)
D Жиналмалы жиектемелері бар объективтер
Пайдалану алдында жиналмалы
жиектемелері бар объективтерді ұзарту
керек. Объектив ұзартылған күйіне «шырт»
етіп түскенше объективтің масштабтау
сақинасын айналдырыңыз.