Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
x
Объектив арқылы күнге немесе басқа қатты жарық көзіне тік
қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көру қабілетінің нашарлауына əкелуі мүмкін.
Жарқылды немесе АФ қосымша шамын моторлы көліктің жүргізушісіне
бағыттамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына əке
луі
мүм
кін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз.
Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке
жүгініңіз.
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе
бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын немесе айнымалы ток адаптерлерін пайдаланбаңыз.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын жəне айнымалы ток адаптерлерін пайдаланғанда
мыналарды істемеңіз:
- Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен
тартпаңыз немесе майысты
рмаңыз, ауыр заттардың астына
қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын əсерін тигізбеңіз.
- Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған
түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты ток-
айнымалы ток инверторларын пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына əкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін
па
йдаланып
жатқанда ашаны ұстамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына əкелуі мүмкін.
Өте жоғары немесе төмен температуралар əсер ететін орындарда ашық
қолдармен ұстамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе үсуге əкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып
қалдырмаңыз.
Объектив фокустаған жарық өртке əкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде
күнді кадрдан тыс ұстаңыз. Күн кадрға жақын кезде фотокамерада фокусталған
күн жарығы өрт тудыруы мүмкін.