Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
28
Алғашқы қадамдар
Пайдалану алдында жинақтағы EN-EL15b батареясын
зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы
Жинақтағы EN-EL15b батареясын салып, зарядтау құрылғысын
розеткаға қосыңыз. Елге немесе аймаққа байланысты зарядтау
құрылғысында айнымалы ток қабырға адаптері немесе қуат
кабелі болады.
Айнымалы ток қабырға адаптері: айнымалы ток қабырға
адаптерін зарядтау құрылғысының айнымалы ток сымының
кіріс ұяшығына кіргізіңіз (q). Айнымалы ток қабырға
адаптерінің ілмегін көрсетілгендей сырғытыңыз (w) жəне
орнында бекіту үшін адаптерді 90° бұрыңыз (e). Батаре
яны
салып, зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз.
Қуат кабелі: қуат кабелінің ашасын көрсетілген бағытта
қосудан кейін батареяны салып, кабельді розеткаға қосыңыз.
Батареяны зарядтау
D Батарея жəне зарядтау құрылғысы
«Қауіпсіздік шаралары» (0 xvi) жəне «Фотокамераға жəне батареяға
күтім көрсету: сақтық шаралары» (0 428) бөлімдеріндегі
ескертулер мен сақтық шараларын оқып, орындаңыз.
Айнымалы ток қабырға
адаптерінің ілмегі