Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
418
Техникалық ескертпелер
Елге немесе аймаққа қарай қолжетімділігі əр түрлі болуы мүмкін. Ең
соңғы ақпаратты веб-сайтымыздан немесе кітапшаларымыздан қараңыз.
Микрофондар •ME-1 стерео микрофоны: стерео дыбысты жазу жəне
жабдық шуын (мысалы, автофокус кезінде объектив
тудыратын дыбыстарды) жазу ықтималдығын азайту үшін
ME-1 микрофонын фотокамераның микрофон ұяшығына
жалғаңыз.
•ME-W1 сымсыз микрофоны: бұл сымсыз Bluetooth
микрофонын фотокамера өшірулі күйде жазу үшін
пайдаланыңыз.
Бағдарламалық
жасақтама
Camera Control Pro 2: фотокамераны компьютерден
қашықтан басқарыңыз жəне фотосуреттерді тікелей
компьютердің қатты дискіне сақтаңыз. Camera Control Pro 2
фотосуреттерді тікелей компьютерге жазу үшін
пайдаланылғанда басқару панелінде компьютерге қосылым
индикаторы (PC (компьютер)) көрінеді.
Ескертпе: Nikon бағдарламалық жасақтамасының соңғы
нұсқаларын пайдаланыңыз; қолдау көрсетілетін
операциялық жүйелер туралы соңғы ақпаратты
аймағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз. Əдепкі
параметрлерде компьютерде есептік жазбаға кірген күйде
болға
нда
жəне компьютер интернетке қосулы болғанда
Nikon Message Center 2 бағдарламасы Nikon бағдарламалық
жасақтамасының жəне бағдарлама жасақтамасының
жаңартулары бар-жоғын кезеңді түрде тексеріп тұрады.
Жаңарту табылғанда хабар автоматты түрде көрсетіледі.
D Керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағын жалғау жəне алу
BS-1 керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы керек-жарақтарға
арналған құрылғыға көрсетілгендей сырғып кіреді. Қақпақты алу үшін
фотокамераны қатты ұстап тұрыңыз, басбармақпен қақпақты төмен
қарай басыңыз жəне көрсетілген бағытта сырғытыңыз.