Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
395
Ақауларды жою
Bluetooth жəне Wi-Fi (сымсыз желілер)
Өзге мəліметтер
Capture NX-D бағдарламасындағы Image Dust Off (Кескіндегі тозаң іздерін
кетіру) параметрі қажет əсер бермейді: кескін сенсорын тазалағанда кескін
сенсорының орны ауысады. Кескін сенсорын тазалау орындалмай тұрып
жазыған тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалау
орындалғаннан кейін түсірілген фотосуреттерде пайдалану мүмкін емес; осы
сияқты, кескін сенсорын тазалау орындалғаннан кейін жазылған тозаң іздерін
кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын таз
алау орындалмай
тұрып
түсірілген фотосуреттерде пайдалану мүмкін емес.
Компьютерлер NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді фотокамера сияқты
көрсетпейді: үшінші тараптың бағдарламалық жасақтамасы Picture Control
режимдерін, Қосылған D-Lighting, виньеттеуді басқаруды немесе сол
сияқтыларды көрсетпейді. Capture NX-D немесе ViewNX-i бағдарламалық
жасақтамасын пайдаланыңыз.
Суреттерді компьютерге тасымалдау мүмкін емес: компьютердің
операциялық жүйесі фотокамераның немесе кескінді тасымалдау
бағдарламалық жасақтамасымен үйлесімді емес. Суреттерді компьютерге
көшіру үш
ін жад
картасын оқу құралын немесе карта ұяшығын пайдаланыңыз.
Смарт құрылғылар фотокамераның SSID (желі атауы) көрсетпейді:
Фотокамераның баптау мəзірінде Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Disable
(Өшіру) күйі таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Фотокамераның баптау мəзірінде Connect to smart device (Смарт
құрылғыға қосылу) > Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру (Bluetooth)) >
Bluetooth connection (Bluetooth байланысы) үшін Enable күйі
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Смарт құрылғының Wi-Fi функциясын өшіріп, қа
йтадан қо
сып көріңіз.
Фотокамера сымсыз принтерлерге жəне басқа сымсыз құрылғыларға
қосыла алмайды: бұл фотокамера тек компьютерлерге жəне смарт
құрылғыларға қосыла алады.
Жазу күні дұрыс емес: фотокамера сағатының дəлдігі сағаттардың жəне үй
сағаттарының көпшілігінен азырақ. Сағатты дəлірек сағаттарға қарап жүйелі
түрде тексеріп тұрыңыз жəне қажет болса, қайта орнатыңыз.
Кейбір мəзір элементтерін таңдау мүмкін емес: п
араметрлердің белгіл
і бір
тіркесімдерінде немесе жад картасы салынбаған болса, кейбір параметрлер
қолжетімсіз.