Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
393
Ақауларды жою
Суретке түсіру кезінде дисплейде кескін бұрмаланулары пайда болады:
объективтегі көріністі ұлғайтсаңыз, бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық
нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар) жəне күтпеген түстер пайда
болуы мүмкін. Сондай-ақ, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің
əркелкілігі немесе жарық нүктелер суретке түсіру кезінде фотокамераның ішкі
тізбектерінің температурасындағы артулардың нəтижесінде пайда болуы
мүмкін; пайдаланылып жатпағанда фот
окамераны өшіріңіз. Ж
оғары ISO
сезімталдықтарында ұзақ экспозицияларда немесе фотокамера
температурасы көтерулі кезде жазылған суреттерде бұрмалану көбірек
байқалуы мүмкін. Дисплейдегі бұрмаланудың үлестірімі түпкілікті суреттегіден
басқаша болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Бұрмалануды азайту үшін ISO
сезімталдық, ысырма жылдамдығы немесе Active D-Lighting (Қосылған
D-Lighting) сияқты параметрлерді реттеңіз.
Фотокамера ақ түс балансын өлшей алмайды: нысан тым күңгірт немесе
тым жарық.
Кес
кіндерді
алдын-ала орнатылған ақ түс балансы үшін көз ретінде
таңдау мүмкін емес: қарастырылып отырған кескіндер фотокамераның басқа
үлгісімен жасалған.
Ақ түс балансының брекетингі қолжетімсіз:
NEF (RAW) немесе NEF + JPEG кескін сапасының параметрі кескін сапасы
үшін таңдалған.
Бірнеше экспозиция немесе HDR (жоғары динамикалық ауқым) арқылы
фотосурет түсіру қосулы.
Picture Control режимдерінің əсерлері əр кескінде əр түрлі бол
ады: Set
P
icture Control (Picture Control режимін орнату) үшін Auto (Автоматты)
таңдалған, Auto (Автоматты) күйіне негізделген Picture Control режимі
таңдалған, я болмаса Quick sharp (Жылдам анық ету), контраст немесе
қанығуы үшін A (автоматты) мəні таңдалған. Фотосуреттер сериясында
үйлесімді нəтижелерге қол жеткізу үшін басқа параметрді таңдаңыз.
Өлшеуді өзгерту мүмкін емес: автоэкспозиция құлпы қолданылып тұр.
Экспозиция түзетілімін пайдалану мүмкін емес: P, S нем
есе A
режимін
таңдаңыз.
Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (түсті дақтар немесе басқа
бұрмаланулар) көрінеді: ұзақ экспозиция бұрмалануын азайтуды қосыңыз.
АФ қосымша шамы жанбайды:
a12 (Built-in AF-assist illuminator (Кірістірілген АФ қосымша шамы))
қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
Бейнефильм режимінде, я болмаса AF-C немесе MF фокустау режимі
таңдалса, шам жанбайды.