Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
213
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
5 Жекелеген экспозицияларды
сақтау-сақтамауды таңдаңыз.
HDR фотосуретін құрайтын
жекелеген NEF (RAW) пішіміндегі
кескіндерді сақтау-сақтамауды
таңдау үшін Save individual images
(NEF) (Жекелеген кескіндерді
сақтау (NEF)) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз,
содан кейін қалаған параметрді таңдау үшін 1 немесе 3
түймешігін басыңыз жəне таңдау үшін J түймешігін басыңыз.
6 Фотосуретті жақтауға алыңыз,
фокустаңыз жəне түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігі толық
басылғанда фотокамера екі
экспозиция түсіреді. Кескіндер
біріктіріліп жатқанда басқару
панелінде «Job» жəне «HDR»
жазулары жыпылықтайды; жазу аяқталғанша
фотосуреттерді түсіру мүмкін емес. Суретке түсіру режимі
үшін қазіргі уақытта таңдалған параметрге қарамастан,
ысырманы босату түймешігі басылған сайын тек бір
фотосурет түсіріледі.
On (series) (Қосулы (қатар)) параметрі
таңдалған болса,
HDR мүмкіндігі HDR режимі үшін Off (Өшірулі) күйі
таңдалғанда ғана өшеді; On (single photo) (Қосулы (бір
фотосурет)) параметрі таңдалған болса, HDR мүмкіндігі
фотосурет түсірілгеннен кейін автоматты түрде өшеді.
D HDR фотосуреттерін жақтауға алу
Кескін жиектері кесіледі. Суретке түсіру кезінде фотокамера немесе
нысан қозғалса, қажет нəтижелер алынбауы мүмкін. Штатив қолданған
жөн. Көрініске байланысты жарық нысандар айналасында көлеңкелер,
ал күңгірт нысандар айналасында сəуле жиектер көрінуі мүмкін; бұл
əсерді тегістеу мөлшерін реттеу арқылы азайтуға болады.