Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
129
Қарау туралы қосымша ақпарат
D Ойнатуды масштабтау
Гистограмма көрсетіліп тұрғанда
фотосуретті ұлғайту үшін X түймешігін
басыңыз. X жəне W (Q) түймешіктерін
ұлғайту жəне кішірейту əрі мульти
селектормен кескінді жүгірте қарау үшін
пайдаланыңыз. Гистограмма кескіннің
дисплейде көрінетін бөлігіне ғана арналған
деректерді көрсету үшін жаңартылады.
D Гистограммалар
Гистограммалар реңк үлестірімін көрсетеді. Нүкте жарықтығы (түс
реңкі) көлденең осьте жəне нүктелер саны тік осьте тұрғызылады.
Фотокамера гистограммалары тек жалпылама нұсқау ретінде берілген
жəне суретті өңдеу бағдарламаларында көрсетілген
гистограммалардан өзгеше болуы мүмкін. Кейбір гистограмма үлгілері
төменде көрсетілген:
Кескінде жарықтығы əр түрлі
нысандар болса, реңк
үлестірімі салыстырмалы
түрде бір қалыпты болады.
Егер ке
скін күңг
ірт болса,
реңк үлестірімі солға
жылжиды.
Егер кескін ашық түсті
болса, реңк үлестірімі оңға
жылжиды.
Экспозиция түзетілімі көбейтілгенде реңк үлестірімі оңға жылжиды, ал
экспозиция түзетілімі азайтылғанда реңк үлестірімі солға жылжиды.
Гистограммалар айналадағы қатты жарық дисплейдегі суреттерді еркін
көруді қиындатқан кезде жалпы экспозиция туралы жалпы мағлұмат
бере алады.