Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
80
Суретке түсіру басқару элементтері
Ұзақ экспозициялар (M режимі)
Қозғалыстағы жарық көздерінің,
жұлдыздардың, түнгі көріністің немесе
отшашудың ұзақ экспозициялары үшін
мына ысырма жылдамдықтарын
таңдаңыз.
Қолмен басылу режимі: ысырманы
босату түймешігі төмен басылып
тұрған кезде ысырма ашық болады.
Уақыт: экспозиция ысырманы босату
түймешігін басқанда басталады жəне
түймешікті екінші рет басқанда
аяқталады.
Бұлдыратуды болдырмау үшін фотокамераны штативке
бекітіңіз, я болмаса қосымша сы
мсыз қашық
тан басқару бөлігін,
қашықтан басқару сымын немесе басқа қашықтан босату
құрылғысын пайдаланыңыз. Сондай-ақ ысырма ашық кезде
қуаттың үзілуін болдырмау үшін Nikon толығымен зарядталған
батареяны немесе қосымша айнымалы ток адаперін жəне қуат
жалғағышын пайдалануды ұсынады. Ұзақ экспозицияларда
бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық
нүктелер немесе түстердің əркелкілігі) болуы мүмкін екенін
ескеріңіз. Жарық
нүктелерді жəне түстердің əркелкілігін
фотосурет түсіру мəзірінде Long exposure NR (Ұзақ
экспозиция БА) үшін On (Қосулы) күйін таңдау арқылы
азайтуға болады.
1 Фотокамераны дайындаңыз.
Фотокамераны штативке бекітіңіз немесе оны тұрақты, тегіс
орынға қойыңыз.
2 M режимін таңдаңыз.
Режимді таңдау дискін M
күйіне айналдырыңыз.
Ысырма
жылдамдығы:
қолмен басылу режимі
(35 секундтық
экспозиция)
Апертура: f/25