Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
77
Суретке түсіру басқару элементтері
Қолданушы параметрлері: U1, U2 жəне U3
режимдері
Жиі пайдаланылатын параметрлерді режимді таңдау дискіндегі
U1, U2 жəне U3 орындарына тағайындаңыз.
❚❚ Saving User Settings (Қолданушы параметрлерін
сақтау)
Параметрлерді сақтау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1 Режимді таңдаңыз.
Режимді таңдау дискін
қажетті режимге
айналдырыңыз.
2 Параметрлерді реттеңіз.
Фотокамера параметрлеріне, соның ішінде мыналарға
қалаған реттеулерді енгізіңіз:
фотосурет түсіру мəзірінің параметрлері,
бейнефильм түсіру мəзірінің параметрлері,
Қолданушы параметрлері жəне
суретке түсіру режимі, ысырма жылдамдығы (S жəне M
режимдері), апертура (A жəне M режимдері), икемді
бағдарлама (P режимі), экспозиция түзетілімі жəне жарқыл
түзетілімі.
3 Save user settings (Қолданушы
параметрлерін сақтау) пəрменін
таңдаңыз.
Баптау мəзірінде Save user settings
(Қолданушы параметрлерін
сақтау) тармағын белгілеп, 2
түймешігін басыңыз.
4 Орынды таңдаңыз.
Save to U1 (U1 ішіне сақтау), Save to U2 (U2 ішіне сақтау)
немесе Save to U3 (U3 ішіне сақтау) пəрменін белгілеп, 2
түймешігін басыңыз.