Қолданушы нұсқаулығы
60
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі:
• қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге
қажетті түрде техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу
немесе ауыстыру.
• пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon
компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты
күйін жаңарту үшін өзгерту.
• тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен
тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың
барлық қауіптері.
• өнім бастапқыдан жасалған жəне/немесе өндірілген
елдерден басқа қандай да бір басқа елдердегі заңдардың
жергілікті немесе техникалық ережелеріне сəйкес Nikon
компаниясының жазбаша келісімінсіз өнімге жасалған
өзгертулердің немесе реттеулердің нəтижесінде
келтірілген қандай да бір зақым.
3. Кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз болып табылады:
• дұрыс пайдаланбаудың, сондай-ақ өнімді қалыпты
жағдайда немесе пайдалану жəне техникалық қызмет
көрсету жөнінде пайдаланушы нұсқаулықтарына сəйкес
пайдаланбау жəне өнімді пайдаланылған елдің қауіпсіздік
ережелеріне сəйкес орнатпаудың немесе пайдаланбаудың
нəтижесінде келтірілген зақым.
• апат, сондай-ақ нажағай, су тасқыны, өрт шығу, дұрыс
пайдаланбау немесе немқұрайдылықтың нəтижесінде
келтірілген зақым.
• өнім үлгісін немесе сериялық нөмірін өшіру, оның анық
болмауы немесе алып тастау.
• өкілетті емес қызмет көрсететін ұйымдар немесе тұлғалар
жасаған жөндеулер немесе реттеулердің нəтижесінде
келтірілген зақым.
• өнім қосылған немесе бірге пайдаланылған қандай да бір
жүйедегі ақаулар.