Қолданушы нұсқаулығы

52
Bluetooth жəне Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
Қауіпсіздік
Бұл өнімнің артықшылықтарының бірі басқаларға өз ауқымында
кез келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға
мүмкіндік беретіні болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса,
төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін:
Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар сымсыз
тасымалданатын деректерді ұстап, пайдаланушы
идентификаторларын, құпия сөздерін жəне басқа жеке
ақпаратты ұрлауы мүмкін.
Рұқсат етілмеген қатынас: рұқсат етілмеген пайдаланушылар
желіге қатынас алуы жəне деректерді өзгертуі немесе басқа
зиянды əрекеттерді орындауы мүмкін. Сымсыз желілердің
дизайнына байланысты, мамандандырылған шабуылдар тіпті
қауіпсіздік қосулы болса да рұқсат етілмеген қатынас алуға
мүмкіндік беретінін ескеріңіз.
Қорғалмаған желілер: ашық желілерге қосылу рұқсатсыз
қатынасуға əкелуі мүмкін. Тек қорғалған желілерді
пайдаланыңыз.
A
Сәйкестік таңбалары
Фотокамера сай стандарттарды баптау мəзіріндегі [Conformity
marking] (Сəйкестік таңбалары) параметрін пайдаланып көруге
болады.