Қолданушы нұсқаулығы
38
Фотокамераны жəне батареяны күту: сақтық ескертулер
•
Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған
орта температураларында пайдаланбаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның
өнімділігін төмендетуі мүмкін. Батареяны іште, 5 °C–35 °C
қоршаған орта температураларында зарядтаңыз.
Темпертаурасы 0 °C-тан төмен немесе 60 °C-тан жоғары болса,
батарея зарядталмайды.
•
0 °C–15 °C жəне 45 °C–60 °C батарея температураларында
сыйымдылық азаюы жəне зарядтау уақыттары артуы мүмкін.
•
Әдетте, төмен қоршаған орта температураларында
батареялардың сыйымдылығы төмендейді. Шамамен 5 °C-тан
төмен температураларда тіпті жаңадан зарядталған
батареялар да баптау мəзірінің [Battery info] (Батарея туралы
ақпарат) жас дисплейінде «0»-ден «1»-ге дейін уақытша артуды
көрсетуі мүмкін, бірақ дисплей батарея шамамен 20 °C немесе
жоғарырақ температурада зарядталғаннан кейін қалыпты
мəнге оралады.
•
Төмен температураларда батарея сыйымдылығы төмендейді.
Сыйымдылықтың температурамен бірге өзгеруі
фотокамераның батарея деңгейі дисплейінде көрінеді.
Нəтижесінде, батарея дисплейі температура төмендегенде,
тіпті батарея толығымен зарядталған болса да,
сыйымдылықтың төмендеуін көрсетуі мүмкін.
•
Пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
Батареяларды фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз.
●
Пайдалану алдында батареяларды зарядтау
Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Жинақтағы батарея
жөнелткенде толығымен зарядталған болмайды.
●
Қосалқы батареяларды дайындаңыз
Фотосуреттер түсіру алдында қосалқы батареяны дайындаңыз
жəне толығымен зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан
жеріңізге байланысты ауыстыруға арналған батареяларды қысқа
мерзімде сатып алу қиын болуы мүмкін.