Қолданушы нұсқаулығы

34
Фотокамераны жəне батареяны күту: сақтық ескертулер
Объектив түйіспелері
Объектив түйіспелерін таза ұстаңыз. Оларға саусақтармен
тимеңіз.
Жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз
Зеңді немесе көгеруді болдырмау үшін фотокамераны құрғақ,
жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз. Фотокамераны нафта
немесе камфара шариктерімен бірге, күшті электрмагниттік өрісті
тудыратын жабдықтың жанында немесе өте жоғары
температуралар əсер ететін жерде, мысалы, қыздырғыштың
жанында немесе ыстық күнде жабық көлікте сақтамаңыз. Бұл
сақтық шараларын қолданбау өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
Ұзақ мерзім бойы сақтау
Мысалы, батарея сұйықтығының жылыстауы тудыратын
зақымды болдырмау үшін, өнім ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, батареяны шығарып алыңыз.
Фотокамераны десикант бар пластик пакетте сақтаңыз.
Дегенмен, фотокамераның былғары қабын пластик пакетте
сақтамаңыз, өйткені бұл материалдың нашарлауына əкелуі
мүмкін. Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Десикант
ылғалды сіңіру мүмкіндігін біртіндеп жоғалтатынын жəне жүйелі
аралықтарда ауыстырылуы керектігін ескеріңіз. Зеңді немесе
көгеруді болдырмау үшін фотокамераны кемінде айына бір рет
сақтаудан шығарыңыз, батареяны салыңыз жəне ысырманы
бірнеше рет босатыңыз.
Қуат көзін алу немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз
Фотокамера қосулы кезде қуат көзін алу немесе ажырату өнімді
зақымдауы мүмкін. Кескіндер жазылып немесе жойылып
жатқанда қуат көзін алмауға немесе ажыратпауға ерекше көңіл
бөлу керек.