Қолданушы нұсқаулығы
32
Фотокамераны жəне батареяны күту: сақтық ескертулер
Фотокамераны күту
●
Түсіріп алмаңыз
Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз, я болмаса
оларға соққылардың əсерін тигізбеңіз. Күшті соққыларға немесе
дірілге ұшыраған жағдайда өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
●
Құрғақ күйде ұстаңыз
Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз. Фотокамера ішіндегі судың
əсері тудырған ішкі механизмнің тоттануды жөндеу қымбатқа
түсіп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде жөнделмейтін
зақымды тудыруы мүмкін.
●
Температурадағы кенет өзгерістерді болдырмаңыз
Температурадағы кенет өзгерістер (мысалы, суық күнде
жылытылатын ғимаратқа кіру немесе шығу кезінде орын алатын
температурадағы кенет өзгерістер) құрылғының ішінде немесе
сыртында конденсацияны тудыруы мүмкін. Конденсацияны
болдырмау үшін температурадағы кенет өзгерістерге ұшырамас
бұрын құрылғыны тасымалдауға арналған қапқа немесе пластик
пакетке салыңыз.
●
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз
Радио таратқыштар сияқты жабдық тудыратын статикалық
зарядтар немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі,
жад картасында сақталған деректерді бүлдіруі немесе өнімнің
ішкі схемасына əсер етуі мүмкін.
●
Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз
Объективті күнге немесе басқа күшті жарық көзіне қаратып ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсорын зақымдауы,
я болмаса өңсізденуді немесе «күюді» тудыруы мүмкін.
Фотокамерамен түсірілген фотосуреттерде ақ бұлдырау əсері
болуы мүмкін.
Фотокамераны және батареяны
күту: сақтық ескертулер