Қолданушы нұсқаулығы
11
Жад карталарын салу
D
Жад картасының жоғары температурасы туралы
ескерту
Жад картасы ұяшығы қақпағының ішінде
көрсетілгендей, фотокамераға салынған
жад карталары қызып кетуі мүмкін. Түсіру
режимінің дисплейінде жоғары
температура туралы ескерту көрінсе, жад
карталарын шығаруға əрекеттенбеңіз;
оның орнына фотокамераның
салқындауын жəне дисплейден ескертудің тазалануын күтіңіз.
D
Жад картасы салынбаған
Егер жад картасы салынбаған болса, түсіру режимінің
дисплейінде «жад картасы жоқ» индикаторы көрінеді жəне
басқару панелінде де, түсіру режимінің дисплейінде де [–E–]
көрінеді.
A
Жазудан қорғау ажыратқышы
•
SD жад карталары жазудан
қорғау ажыратқышымен
жабдықталған. Бұл
ажыратқышты «lock» (құлып)
күйіне сырғыту картаны қорғап, ол қамтитын деректерді
қорғайды.
•
Жазудан қорғалған карта салынған кезде, түсіру режимінің
дисплейінде «–––» индикаторы жəне [Card] ескертуі көрінеді.
•
Жазудан қорғалған карта салулы кезде ысырманы босатуға
əрекеттенсеңіз, ескерту көрсетіледі жəне ешбір сурет
жазылмайды. Суреттерді түсіруге немесе жоюға əрекеттену
алдында жад картасының құлпын ашыңыз.