Қолданушы нұсқаулығы
xvi
Ескертпелер
•
Кейбір көшірмелер және көбейтілген нұсқаларға қатысты
сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің
шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайларда, үкімет
жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың
(акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар жəне
т.б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің
көшірмелеріне немесе көбейтілген нұсқаларына қатысты сақ
болу керектігі туралы ескертулерді таратты. Бұған қоса, үкімет
тарапынан шығарылған паспорттардың, мемлекеттік органдар
жəне жеке топтар шығарған лицензиялардың, жеке бас
куəліктерінің жəне рұқсатнамалар жəне тамақ купондары
сияқты билеттердің көшірмелерін немесе көбейтілген
нұсқаларын жасамаңыз.
•
Авторлық құқыққа қатысты ескертулерді ескеріңіз
Авторлық құқықтар туралы заң бойынша фотокамерамен
жасалған авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің
фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің
рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Ерекшеліктер жеке
пайдалануға қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты
уақыттағы орындаулардың фотосуреттері немесе жазбалары
жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
●
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана
қолданыңыз
Nikon фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай
жобаланған жəне күрделі электрондық тізбекті қамтиды. Nikon
компаниясы арнайы осы Nikon сандық фотокамерасымен бірге
пайдалануға сертификаттаған Nikon брендті электрондық керек-
жарақтар (соның ішінде зарядтау құрылғылары, батареялар,
айнымалы ток адаптерлері жəне жарқыл керек-жарақтары) ғана
осы электрондық тізбектің жұмыс жəне қауіпсіздік талаптарының
шеңберінде жұмыс істейтіндей жобаланған жəне сондай екендігі
дəлелденген.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-
жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы
жəне Nikon кепілдігін жоюы мүмкін. Оң жақта
көрсетілген Nikon компаниясының голографиялық
жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталмалы литий-
ионды батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс
істеуіне кедергі келтіруі жəне батареяның шамадан тыс қызуына,
жанып кетуіне, жарылуына немесе ағуына əкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша
мəлімет алу үшін Nikon компаниясының жергілікті өкілетті
сатушысына хабарласыңыз.