Қолданушы нұсқаулығы

xiv
Қауіпсіздік шаралары
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен
шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Әрекетті кешіктіру көз жарақаттарына əкелуі мүмкін.
Авиакомпания қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.
Жоғары альтитудаларда қараусыз қалдырылған батареялар
сығымдалмаған ортада ағып кетуі, қызып кетуі, жарылуы
немесе өртенуі мүмкін.
A
ЕСКЕРТУ (Батареялар)
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке
жүгініңіз.
Батареяларды үй жануарларынан және басқа
жануарлардан аулақ ұстаңыз.
Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса,
батареялар ағуы, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін.
Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр
әсерін тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
əкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен
дереу құрғатыңыз.
Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез
келген өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу
тоқтатыңыз. Көрсетілген уақыт кезеңінде зарядталмаса,
EN-EL15c қайта зарядталмалы батареяларын зарядтауды
тоқтатыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына,
қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.
Батареялар керек болмаған кезде түйіспе тұстарды
лентамен оқшаулаңыз.
Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу
немесе өрт туындауы мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе,
әсер етілген аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне əкелуі
мүмкін.