Қолданушы нұсқаулығы
xi
Қауіпсіздік шаралары
Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде
терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық
күйіктерге əкелуі мүмкін.
Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе
аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке əкелуі
мүмкін.
Объектив арқылы күнге немесе басқа қатты жарық көзіне
тік қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көру қабілетінің нашарлауына
əкелуі мүмкін.
Жарқылды немесе АФ қосымша шамын моторлы көліктің
жүргізушісіне бағыттамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім
ақаулығына əкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер
шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез
келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке
жүгініңіз.
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз
немесе бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды,
зарядтау құрылғыларын немесе айнымалы ток
адаптерлерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге
пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын және айнымалы ток адаптерлерін
пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
•
Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз,
өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз,
ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға
жылу немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
•
Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа
арналған түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я
болмаса, тұрақты ток-айнымалы ток инверторларын
пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына
əкелуі мүмкін.