Қолданушы нұсқаулығы

x
Қауіпсіздік шаралары
Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды
жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында
«Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз.
Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын
адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
Қауіпсіздік шаралары
A
ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын
қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады.
A
ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын
қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
A
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық
шараларын қолданбау жарақатқа немесе мүліктің
зақымдалуына əкелуі мүмкін.
A
ЕСКЕРТУ
Жүріп бара жатқанда немесе көлікті жүргізіп келе жатқанда
пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға немесе
басқа жарақатқа əкелуі мүмкін.
Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау
немесе басқа сәтсіз жағдай нәтижесінде ашылатын ішкі
бөліктерге тимеңіз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа
жарақатқа əкелуі мүмкін.
Өнімнен түтін, жылу немесе әдеттен тыс иістер шығуы
сияқты кез келген дұрыс емес нәрселерді байқасаңыз,
батареяны немесе қуат көзін дереу ажыратыңыз.
Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге немесе басқа
жарақатқа əкелуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз.
Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына
əкелуі мүмкін.