Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз желілер)
Смарт құрылғылар камер
а SSID (желі атауы) көрсетпейді:
Орнату мәзіріне өтіп, [ Ұшақ режимі ] үшін [ Өшіру ] таңдалғанын және [ Смарт
құрылғыға қосылу ] > [ Жұптастыру ( Bluetooth ) ] > [ Bluetooth қосылымы ] үшін
[ Қосу ] таңдалғанын растаңыз.
Орнату мәзірінде [ Смарт құрылғыға қосылу ] > [ Wi-Fi қосылымы ] қосылғанын
растаңыз.
Смарт құрылғыдағы сымсыз желі мүмкіндіктерін өшіріп, қайта қосып көріңіз.
Камера принтерлерге және басқа сымсыз құрылғыларға қосыла алмайды:
Камера смартфондар, планшеттер және компьютерлерден басқа құрылғылармен сымсыз
байланыс орната алмайды.
Суреттерді автоматты түрде жүктеп салу арқылы смарт құрылғыларға жүктеп салу
мүмкін емес:
Автоматты жүктеп салуды пайдаланған кезде смарт құрылғының SnapBridge қолданбасын
көрсететініне көз жеткізіңіз.
Камераның смарт құрылғымен жұптастырылғанын тексеріңіз.
Камера мен смарт құрылғының Bluetooth арқылы қосылғанын тексеріңіз.
Камера смарт құрылғыдан орын деректерін жүктей алмайды:
Камера операциялық жүйенің және/немесе SnapBridge қолданбасының нұсқасына
байланысты смарт құрылғылардан орын деректерін жүктеп ала алмауы немесе көрсете
алмауы мүмкін.
672
Мәселелер мен шешімдер