Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
D Қалта және файл нөмірлері
Қалта нөмірі 999-ға жетк
енде, камера автоматты түрде жаңа қалталарды жасауды тоқтатады
және ысырманы босатуды өшіреді, егер:
ағымдағы қалтада 5000 сурет бар (осыған қоса, камера максималды ұзындықтағы фильмді
жазу үшін қажетті файлдар саны 5000-нан астам файлды қамтитын қалтаға әкелетінін
есептесе, бейнефильм жазу өшіріледі) немесе
ағымдағы қалтада 9999 нөмірі бар сурет бар (сонымен қатар, камера максималды
ұзындықтағы фильмді жазу үшін қажетті файлдар саны 9999-дан астам нөмірленген файлға
әкелетінін есептесе, бейнефильмді жазу өшіріледі).
Жад картасында бос орын болса, соған қарамастан түсіруді жалғастыра аласыз:
999-дан аз нөмірі бар қалтаны жасау және оны сақтау қалтасы ретінде таңдау немесе
фильмдерді жазу алдында [ Кадр өлшемі/кадр жиілігі ] және [ Фильм сапасы ] үшін
таңдалған опцияларды өзгерту.
D Іске қосу уақыты
Жад картасында файлдар немесе қалталар өте көп болса, камераны іске қосу үшін қосымша
уақыт қажет болуы мүмкін.
252
Сақтау қалтасы
-
-
-
-