Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
Осы нұсқаулық туралы
Рәміздер
Осы нұсқаулықта келесі белгілер мен шар
тты белгілер қолданылады. Қажетті ақпаратты табуға
көмектесу үшін оларды пайдаланыңыз.
D
Бұл белгіше осы өнімді пайдаланбас бұрын оқылатын жазбаларды, ақпаратты
белгілейді.
Кеңес
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдалану кезінде пайдалы болуы мүмкін
қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы нұсқау
лықтағы басқа бөлімдерге сілтемелерді белгілейді.
Конвенциялар
Бұл нұсқаулық Z 7II және Z 6II ек
еуімен де пайдалануға арналған. Суреттер Z 6II көрсетеді.
Бұл камера CFexpress (B түрі), XQD , SD, SDHC және SDXC жад карталарын пайдаланады.
Барлық түрдегі жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталады. Әртүрлі
түрлерді ажырату қажет болған жағдайда «CFexpress жад картасы», « XQD жад картасы» және
«SD жад картасы» терминдері қолданылуы мүмкін.
Осы нұсқаулықта аккумуляторды зарядтау құрылғылары «батарея зарядтағыштары» немесе
«зарядтағыштар» деп аталады.
Осы нұсқаулықта суретке түсіру кезінде камера мониторындағы және көріністапқыштағы
дисплей «түсірілім дисплейі» деп аталады; көп жағдайда суреттер мониторды көрсетеді.
Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер «ақылды құрылғылар» деп аталады.
Осы нұсқаулықта «әдепкі параметрлер» термині жөнелту кезінде әрекет ететін параметрлерге
сілтеме жасау үшін пайдаланылады. Осы нұсқаулықтағы түсіндірмелер әдепкі параметрлер
пайдаланылады деп болжайды.
A Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
«Қауіпсіздігіңіз үшін» маңызды қауіпсіздік нұсқауларын қамтиды. Камераны пайдаланбас бұрын
оларды оқып шығыңыз. Қосымша ақпаратты «Қауіпсіздігіңіз үшін» бөлімінен қараңыз (
0 24 ).
23
Осы нұсқаулық туралы