Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бірінші фотосуретіңіз күте алмайтын кезде
- Орауыш құрамы
- Осы нұсқаулық туралы
- Мазмұны
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
34
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
●
Объектив түйіспелері
Объектив түйіспелерін таза ұстаңыз. Оларға саусақтармен
тимеңіз.
●
Жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз
Зеңді немесе көгеруді болдырмау үшін фотокамераны құрғақ,
жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз. Фотокамераны нафта
немесе камфара шариктерімен бірге, күшті электрмагниттік өрісті
тудыратын жабдықтың жанында немесе өте жоғары
температуралар әсер ететін жерде, мысалы, қыздырғыштың
жанында немесе ыстық күнде жабық көлікте сақтамаңыз. Бұл
сақтық шараларын қолданбау өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
●
Ұзақ мерзім бойы сақтау
Мысалы, батарея сұйықтығының жылыстауы тудыратын
зақымды болдырмау үшін, өнім ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, батареяны шығарып алыңыз.
Фотокамераны десикант бар пластик пакетте сақтаңыз.
Дегенмен, фотокамераның былғары қабын пластик пакетте
сақтамаңыз, өйткені бұл материалдың нашарлауына әкелуі
мүмкін. Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Десикант
ылғалды сіңіру мүмкіндігін біртіндеп жоғалтатынын және жүйелі
аралықтарда ауыстырылуы керектігін ескеріңіз. Зеңді немесе
көгеруді болдырмау үшін фотокамераны кемінде айына бір рет
сақтаудан шығарыңыз, батареяны салыңыз және ысырманы
бірнеше рет босатыңыз.
●
Қуат көзін алу немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз
Фотокамера қосулы кезде қуат көзін алу немесе ажырату өнімді
зақымдауы мүмкін. Кескіндер жазылып немесе жойылып
жатқанда қуат көзін алмауға немесе ажыратпауға ерекше көңіл
бөлу керек.