Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
6
Батареяны зарядтау
3
Зарядтау аяқталғанда немесе ол енді
фотокамераға қуат беру үшін қажет
болмағанда, зарядтау айнымалы ток
адаптерін розеткадан суырыңыз.
D
Зарядтау айнымалы ток адаптері
Егер зарядтау айнымалы ток адаптері арқылы батареяны
зарядтау мүмкін болмаса, мысалы, батарея үйлесімді емес
болғандықтан немесе фотокамераның температурасы көтерілген
болғандықтан, зарядтау шамы шамамен 30 секунд бойы тез
жыпылықтап, содан кейін өшеді. Егер зарядтау шамы өшірулі
болса және батареяның зарядталып жатқанын байқамасаңыз,
фотокамераны қосып, батарея деңгейін тексеріңіз.
A
Компьютердің USB порты арқылы қуатты жеткізу
және батареяны зарядтау
Компьютерлер UC-E25 USB кабелі (бөлек сатылады) арқылы
жалғанған кезде ғана фотокамераға қуат беру немесе
батареяны зарядтау үшін токты қамтамасыз етеді. Жинақтағы
USB кабельді бұл мақсатта пайдалану мүмкін емес.
Үлгінің және өнімнің сипаттамаларына байланысты кейбір
компьютерлер фотокамераға қуат беру немесе батареяны
зарядтау үшін токты қамтамасыз етпейді.