Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бірінші фотосуретіңіз күте алмайтын кезде
- Орауыш құрамы
- Осы нұсқаулық туралы
- Мазмұны
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
xv
Ескертпелер
•
Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon
компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен
қайта көшіруге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға
немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді.
•
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық
пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және
техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш
ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады.
•
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай да
бір зақымға жауап бермейді.
•
Осы нұсқаулықтардағы мәліметтің дұрыс және толық болуына
бар күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді
немесе ескерілмеген тұстарды байқаған жағдайда аймақтағы
Nikon өкіліне айтуыңызды сұраймыз (мекенжайы бөлек
беріледі).
●
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен
сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға
иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
•
Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған
нәрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның,
тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың
немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін
немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Шет елдің айналымында жүрген қағаз ақшаны, тиындарды
немесе құнды қағаздарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Үкіметтің алдын-ала рұқсаты алынбайынша, үкімет тарапынан
шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта маркаларын
немесе ашық хаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Үкімет шығарған маркаларды және заңда қарастырылған
куәландырылған құжаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Ескертпелер