Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
36
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
D
Деректерді сақтау құрылғыларын қоқысқа лақтыру
Кескіндерді жою, я болмаса жад карталарын немесе басқа
деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін
деректерін толығымен өшірмейтініне назар аударыңыз.
Жойылған файлдарды кейде қоқысқа лақтырылған сақтау
құрылғыларынан сатылымда бар бағдарламалық жасақтаманы
пайдаланып қалпына келтіруге болады, бұл жеке кескін
деректерін зиянкес жолмен пайдалануға әкелуі мүмкін. Мұндай
деректердің құпиялығын қамтамасыз ету пайдаланушының
жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді са
қтау құрылғысын қоқысқа лақтыру алдында немесе
меншік құқығын басқа тұлғаға бермес бұрын, коммерциялық жою
бағдарламалық жасақтамасының көмегімен барлық деректерді
өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеңіз, содан кейін оны жеке
ақпарат жоқ кескіндермен (мысалы, ашық аспанның
суреттерімен) толығымен толтырыңыз. Деректерді сақтау
құрылғыларын физикалық түрде бұзған кезде жарақат алудан
сақтану керек.
Фотокамераны қоқысқа лақтыр
у алдында немесе меншік құқығын
басқа тұлғаға бермес бұрын, сіз сонымен бірге желі
параметрлерін және басқа жеке ақпаратты жою үшін
фотокамераның баптау мәзіріндегі [Reset all settings] (Барлық
параметрлерді ысыру) элементін пайдалануыңыз керек.