Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
xiii
Қауіпсіздік шаралары
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер
ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте
немесе тік күн сәулелерінің астында.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
әкелуі мүмкін.
Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге кері әсер етуі мүмкін.
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер
немесе ұқсас керек-жарақтар жа
лғанған күйде
та
сымалдамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім
ақаулығына әкелуі мүмкін.
Мониторда немесе көріністапқышта жоғары
температура туралы ескерту көрсетілгенде жад
картасын ұстамаңыз.
Жад картасы ыстық болады, бұл күйіктерге әкелуі
немесе шығарып жатқанда, картаның түсіп қалып,
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
A
ҚАУІП (Батареялар)
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз.
Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына,
қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін:
Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы
батареяларды пайдаланыңыз.
Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
Бөлшектемеңіз.
Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу
арқылы түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты
соққылардың әсерін тигізбеңіз.
Батареяларды басуға, шегелермен тесуге немесе
балғалармен соғуға болмайды.
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып
кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.