Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
33
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Лазерлер және басқа қатты жарық көздері
Лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке
бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорына
зиян тигізуі мүмкін.
Тазалау
Фотокамера корпусын тазалағанда, шаң мен қылшықтарды
ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін
жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіңіз. Фотокамераны
жағажайда немесе теңіз жағалауында пайдаланғаннан кейін,
таза суға малынған шүберекпен құмды немесе тұзды сүртіңіз,
содан кейін фотокамераны жақсылап құрғатыңыз. Сирек
жағдайларда, статикалық электр тогы сұйық кристалдық
дисплейлердің жануына немесе күңгірттенуіне әкелуі мүмкін; бұл
ақаулықты көрсетпейді. Жақын арада дисплей қалыпты күйге
оралады.
Объективті және көріністапқышты тазалау
Бұл шыны элементтер оңай зақымдалады; шаң мен
қылшықтарды ауа үргішпен кетіріңіз. Егер аэрозоль үргішті
пайдалансаңыз, шыны элементтерді зақымдауы мүмкін
сұйықтықтың ағуына жол бермеу үшін құтыны тік күйде ұстаңыз.
Объективтен саусақ іздері мен басқа дақтарды кетіру үшін
объектив тазалағыштың аз мөлшерін жұмсақ шүберекке жағып,
объективті ақырын сүртіңіз.
Кескін сенсорына тимеңіз
Ешбір жағдайларда кескін сенсорына
қысым түсірмеңіз, оны тазалау
құралдарымен итермеңіз немесе ауа
үргіштің күшті ауа ағындарына
ұшыратпаңыз. Бұл әрекеттер сенсорға
сызат түсіруі немесе оны басқалай
зақымдауы мүмкін.