Желі нұсқаулығы
vi
Фотокамера компьютерлермен, смартфондармен,
планшеттермен жəне басқа құрылғылармен желілік
байланыстарды қолдайды. Қосылғаннан кейін суреттерді
жүктеп салуға немесе фотокамераны қашықтан басқаруға
болады.
Желілер сіз үшін не істей алады
Суреттерді компьютерге жүктеп салғыңыз келе
ме?
…содан кейін Wi-Fi желісіне қосылыңыз (0 1)
Фотокамераның кірістірілген сымсыз LAN (Wi-Fi)
адаптерін пайдаланып фотосуреттер мен
бейнефильмдерді жүктеп салу үшін компьютерлерге
қосылуға болады.
Компьютерге қосылу
Фотокамера мыналардың біреуі арқылы қосыла алады:
• тікелей сымсыз байланыс арқылы (қатынасу нүктесі
режимі, 0 3), немесе
• бар желідегі, соның ішінде үй желілеріндегі сымсыз
маршрутизатор арқылы (инфрақұрылымдық режим, 0 7).
Қатынасу нүктесі режимі Инфрақұрылымдық режим