Желі нұсқаулығы

45
Мəзір нұсқаулығы
Options (Параметрлер)
Жүктеп салу параметрлерін реттеңіз.
❚❚ Auto send (Автоматты жіберу)
Жаңа фотосуреттерді түсіріле сала жүктеп салу үшін On
(Қосулы) күйін таңдаңыз. Жүктеп салу фотосурет жад
картасына жазылғаннан кейін ғана басталады; жад картасы
фотокамераға салынғанына көз жеткізіңіз. Бейнефильм
режимінде түсірілген бейнефильмдер мен фотосуреттер жазу
аяқталғанда автоматты түрде жүктеп салынбайды, ал оның
орнына ойнату дисплейінен жүктеп салынуы керек (0 14).
❚❚ Delete after send (Жіберуден кейін жою)
Жүктеп салу аяқталғаннан кейін фотосуреттерді
фотокамераның жад картасынан автоматты түрде жою үшін
Yes (Иə) жауабын таңдаңыз (осы параметр таңдалмай тұрып
тасымалдау үшін белгіленген файлдар жойылмайды).
Фотокамераның кейбір əрекеттерінің барысында жою уақытша
тоқтатылуы мүмкін.
❚❚ Send file as (Файлды жіберу)
NEF+JPEG кескіндерін жүктеп салу кезінде NEF (RAW) жəне
JPEG файлдарының екеуін де немесе тек JPEG көшірмесін
жүктеп салуды таңдаңыз.
❚❚ Deselect all? (Барлығынан таңдауды алу керек пе?)
Барлық кескіндерден тасымалдау белгісін алу үшін Yes (Иə)
жауабын таңдаңыз. «Жіберілуде» белгішесі бар кескіндерді
жүктеп салу бірден тоқтатылады.
MAC address (MAC мекенжайы)
Фотокамераның MAC мекенжайын көрсету.