Желі нұсқаулығы

35
Смарт құрылғыларға қосылу
7 Фотокамера/iOS құрылғысы: экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Фотокамера: J түймешігін басыңыз.
Фотокамера құрылғылар қосулы екені
айтылған хабарды көрсетеді.
iOS құрылғысы: жұптастыру аяқталды. қойындысынан
шығу үшін OK түймешігін нұқыңыз.
Енді жұптастыру аяқталды. SnapBridge қолданбасын келесі
пайдаланғанда «Жұптастырылған құрылғыға қосылу» (0 36)
бөлімінде сипатталғандай қосыла аласыз.
D Бірінші рет жұптастыру
SnapBridge қолданбасын орнатудан кейін iOS құрылғысын
фотокамерамен бірінші рет жұптастырсаңыз, сізден автоматты
байланыс (автоматты жүктеп салу, сағат пен орынды автоматты
синхрондау) параметрлерін таңдау сұралады. Бұл сұрау қайтадан
көрінбейді, бірақ автоматты байланыс параметрлеріне
қойындысындағы Auto link (Автоматты байланыс) тармағын
пайдаланып кез келген уақытта қатынасуға болады.
D Bluetooth байланыстарын аяқтау
Смарт құрылғымен байланысты аяқтау үшін фотокамераның баптау
мəзірінде Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) >
Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру (Bluetooth)) > Bluetooth connection
(Bluetooth байланысы) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.