Желі нұсқаулығы
26
Смарт құрылғыларға қосылу
Bluetooth арқылы қосылу
Бірінші рет қосылу кезінде фотокамера мен смарт құрылғыны
жұптастыру туралы ақпаратты төмендегі «Бірінші рет қосылу:
жұптастыру» бөлімінде қараңыз. Жұптастыру аяқталғаннан
кейін қосылу туралы ақпаратты «Жұптастырылған құрылғыға
қосылу» (0 36) бөлімінде қараңыз.
❚❚ Бірінші рет қосылу: жұптастыру
Bluetooth арқылы бірінші рет қосылу алдында фотокамера мен
смарт құрылғыны төменде сипатталғандай жұптастыру керек
болады. Android құрылғысын пайдаланып жатсаңыз, төменде
«Android» бөлімін немесе iOS құрылғыларымен жұптастыру
туралы ақпаратты «iOS» (0 31) бөлімінде қараңыз.
Фотокамераны Android құрылғысымен жұптастыру үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1 Camera (Фотокамера): фотокамераны дайындаңыз.
Баптау мəзірінде Connect to smart
device (Смарт құрылғыға қосылу) >
Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру
(Bluetooth)) тармағын таңдаңыз,
содан кейін Start pairing
(Жұптастыруды бастау) пəрменін
белгілеңіз жəне J түймешігін басып…
…фотокамера атауын көрсетіңіз.
D Жұптастыру алдында
Жұптастыруды бастау алдында смарт құрылғыда Bluetooth
функциясын қосыңыз (мəліметтерді құрылғымен бірге қамтамасыз
етілген құжаттамада қараңыз) фотокамераның жад картасында бос
орын қолжетімді екенін тексеріңіз жəне құрылғылардың күтпеген жерде
өшуін болдырмау үшін фотокамерадағы жəне смарт құрылғыдағы
батареялар толығымен зарядталғанына көз жеткізіңіз.
Android