Желі нұсқаулығы

17
Компьютерлерге Wi-Fi арқылы қосылу
Фотокамераның бар желімен байланысын төменде
сипатталғандай уақытша тоқтатуға немесе жалғастыруға
болады.
Ажырату
Баптау мəзірінде Connect to PC (Компьютерге қосылу) >
Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) үшін Disable (Өшіру)
пəрменін таңдап немесе i мəзірінде суретке түсіру режимі үшін
Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) > Close Wi-Fi connection
(Wi-Fi байланысын жабу) тармағын таңдап фотокамераны
өшіру арқылы ажыратуға болады. Сондай-ақ компьютермен
байланыс смарт құрылғыға қосылу үшін Wi-Fi желісін
пайдалансаңыз аяқталады.
Қайта қосылу
Бар желіге қайта қоосылу үшін:
баптау мəзірінде Connect to PC (Компьютерге қосылу) >
Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) үшін Enable (Қосу) күйін
таңдаңыз немесе
i мəзірінде суретке түсіру режимі үшін
Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) >
Establish Wi-Fi connection with PC
(Компьютермен Wi-Fi байланысын
орнату) тармағын таңдаңыз.
Ажырату жəне қайта қосу
D Қатынасу нүктесі режимі
Компьютердің сымсыз байланысы фотокамераныкінен бұрын өшірілсе,
қате орын алады. Алдымен фотокамераның Wi-Fi байланысын өшіріңіз.
D Қатынасу нүктесі режимі
Қосылу алдында фотокамераның Wi-Fi функциясын қосыңыз.
D Бірнеше желі профилі
Фотокамераны бірнеше желі үшін профильдер бар болса, ол соңғы
пайдаланылған желіге қайта қосылады. Басқа желілерді баптау
мəзіріндегі Connect to PC (Компьютерге қосылу) > Network settings
(Желі параметрлері) параметрін пайдаланып таңдауға болады.