Желі нұсқаулығы
15
Компьютерлерге Wi-Fi арқылы қосылу
3 Select to send/deselect (PC) (Жіберу үшін таңдау/
таңдауды алу) (компьютер) пəрменін таңдаңыз.
Select to send/deselect (PC) (Жіберу
үшін таңдау/таңдауды алу)
(компьютер) параметрін белгілеп, J
түймешігін басыңыз. Суретте ақ
тасымалдау белгішесі көрінеді.
Фотокамера қазіргі уақытта желіге
қосылған болса, жүктеп салу бірден
басталады; олай болмаса, жүктеп салу байланыс
орнатылғанда басталады. Жүктеп салу кезінде тасымалдау
белгішесі жасыл түске боялады.
Фотосуреттерді түсіріле сала жүктеп салу
Жаңа фотосуреттерді түсіріле сала
жүктеп салу үшін Connect to PC
(Компьютерге қосылу) > Options
(Параметрлер) > Auto send
(Автоматты жіберу) үшін On (Қосулы)
күйін таңдаңыз. Жүктеп салу фотосурет
жад картасына жазылғаннан кейін ғана
басталады; жад картасы фотокамераға салынғанына көз
жеткізіңіз. Бейнефильм режимінде түсірілген бейнефильмдер
мен фотосуреттер жазу аяқталғанда автоматты түрде жүктеп
салынбайды, ал оның орнына ойнату ди
сплейінен жүктеп
салынуы керек.
D Суреттерден таңдауды алу
Ағымдағы суреттен тасымалдау белгісін алып тастау үшін Select to
send/deselect (PC) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) (компьютер)
пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. Барлық суреттерден
тасымалдау белгісін алып тастау үшін баптау мəзірінде Connect to PC
(Компьютерге қосылу) > Options (Параметрлер) > Deselect all?
(Барлығынан таңдауды алу керек пе?) тармағын таңдаңыз.