Желі нұсқаулығы

2
Компьютерлерге Wi-Fi арқылы қосылу
Фотокамера бар желідегі сымсыз маршрутизатор арқылы
(инфрақұрылымдық режим) немесе тікелей сымсыз байланыс
(қатынасу нүктесі режимі) арқылы қосыла алады.
Қатынасу нүктесі режимі
Фотокамера мен компьютер
тікелей сымсыз байланыс
арқылы қосылады. Фотокамера
сымсыз жергілікті желі
қатынасу нүктесі ретінде əрекет
етеді жəне параметрлерге
күрделі реттеулер жасау керек болмайды. Бұл параметрді
сыртта жұмыс істегенде немесе компьютер сымсыз желіге
қосылып қойылмаған басқа жағдайларда таңдаңыз.
Инфрақұрылымдық режим
Фотокамера бар желідегі
(соның ішінде үй желілеріндегі)
компьютерге сымсыз
маршрутизатор арқылы
қосылады. Компьютер
фотокамераға қосулы кезде
интернетке əлі де қосыла алады.
Инфрақұрылымдық жəне қатынасу
нүктесі режимдері
D Инфрақұрылымдық режим
Бұл нұсқаулықта сіз бар сымсыз желіге қосылып жатырсыз деп
есептеледі. Жергілікті желіден тыс компьютерлерге қосылуға қолдау
көрсетілмейді.
Қатынасу нүктесі режимі (0 3)
Инфрақұрылымдық режим (0 7)