Қосымша бағдарлама жасақтамасының жаңартымының нұсқаулығы
D
Сақтық ескертулер: дауыстық ескертпені ойнату
• Дауыстық ескертпені ойнату кезінде ойнатуды масштабтау
өшіріледі.
• Ойнату мына жағдайларда аяқталады:
- басқа суреттерді көрсеңіз,
- O түймешігін бассаңыз,
- ойнату режимінен шықсаңыз немесе
- фотокамераны өшірсеңіз.
• Ысырманы босату түймешігін бассаңыз немесе
фотокамераның басқа басқару элементтерін пайдалансаңыз,
ойнату аяқталуы мүмкін.
• Суреттерді қорғау байланысты дауыстық ескертпелерді де
қорғайды. Қорғауды бөлек қолдану мүмкін емес.
• WT-7 арқылы компьютерге немесе FTP серверіне жүктеп
салынған суреттерге дауыстық жаднамалар қосылмайды.
Суреттерді HTTP сервері режимінде көргенде, дауыстық
жаднамалар бөлек файлдар ретінде тізіледі.
Дауыстық ескертпелерді жою
Дауыстық ескертпелерді жою
h белгішесімен белгіленген суретті көріп
жатқанда O түймешігін басу растау диалогтық
терезесін көрсетеді.
• Суретті де, дауыстық ескертпені де жою
үшін Image and voice memo (Кескін жəне
дауыстық ескертпе) тармағын белгілеп, O
түймешігін басыңыз.
• Тек дауыстық ескертпені жою үшін Voice memo only (Тек
дауыстық ескертпе) тармағын белгілеп, O түймешігін басыңыз.
• Ешбір файлды жоюсыз ойнатуды жалғастыру үшін K түймешігін
басыңыз.
• Суреттерді жою кез келген байланысты дауыстық ескертпелерді
де жояды.
Дауыстық ескертпе параметрлері
Дауыстық ескертпе параметрлері
Баптау мəзірі енді дауыстық ескертпені жазу
жəне ойнату үшін келесі параметрлерді
қамтитын Voice memo options (Дауыстық
ескертпе параметрлері) элементін ұсынады.
• Voice memo control (Дауыстық ескертпені
басқару) дауыстық ескертпе жазу кезінде
бейнефильм жазу түймешігінің əрекетін
басқарады.
- Press and hold (Басып, ұстап тұру)
(əдепкі): жазу бейнефильм жазу
түймешігін басып тұрғанда ғана орын алады жəне осы
түймешікті жібергенде аяқталады.
- Press to start/stop (Бастау/тоқтату үшін басу): жазуды
бастау үшін бейнефильм жазу түймешігін бір рет басыңыз
жəне жазуды аяқтау үшін тағы бір рет басыңыз.
• Audio output (Аудио шығысы) дауыстық ескертпені ойнатудың
дыбыс деңгейін басқарады.
- Speaker/headphones (Динамик/құлаққаптар): фотокамера
динамигінде немесе фотокамераға қосылған құлаққаптарда
дауыстық ескертпелер қандай дыбыс деңгейімен
ойнатылатынын таңдаңыз.
- Off (Өшірулі): бейнефильм жазу түймешігі басылып тұрғанда,
дауыстық ескертпелер ойнатылмайды.
©
2021 Nikon Corporation