Қолданушы нұсқаулығы
67
Негізгі параметрлер
D D («Natural light auto (Автоматты табиғи жарық)»)
D (Natural light auto (Автоматты табиғи жарық)) параметрі
жасанды жарықта қалаған нəтижелерді бермеуі мүмкін. 4 (Auto
(Автоматты)) параметрін немесе жарық көзіне сай параметрді
таңдаңыз.
D Студиядағы жарқыл жарығы
4 (Auto (Автоматты)) параметрі үлкен студиялық жарқыл бөліктерін
пайдаланғанда қажет нəтижелерді бермеуі мүмкін. Ақ түс
балансынының алдын-ала енгізілген мəнін пайдаланыңыз немесе ақ
түс балансын 5 (Flash (Жарқыл)) параметріне орнатып, ақ түс
балансын дəл реттеңіз.
D Ақ түс балансын дəл реттеу
Choose color temperature (Түс температурасын таңдау)
параметрінен басқа параметрлерде ақ түс балансын i мəзіріндегі жəне
фотосурет жəне бейнефильм түсіру мəзірлеріндегі White balance (Ақ
түс балансы) элементтерін пайдаланып дəл реттеуге болады (0 102).
A Түс температурасы
Жарық көзінің түсін қабылдау бақылаушыға жəне басқа жағдайларға
байланысты өзгереді. Түс температурасы – бірдей толқын ұзындығы
бар жарық шығару үшін жылытылуы тиіс нысанның температурасына
негізделе отырып анықталатын жарық көзі түсінің объективті өлшемі.
5000–5500 K аралығындағы түс температурасы бар жарық көздері ақ
түс ретінде көрінсе, қызу бөлетін шамдар сияқты түс температурасы
төмендеу жарық көздері аз
дап сары немесе қызыл болып көрінеді. Түс
температурасы жоғарылау жарық көздерінде көк түстің реңкі болады.
«Жылырақ» (қызылырақ)
түстер
«Суығырақ» (көгірек)
түстер
Əдетте суреттеріңізде қызыл реңк болса немесе түстерді əдейі
салқынырақ ету үшін төменірек мəндерді, суреттеріңізде көк реңк болса
немесе түстерді əдейі жылырақ ету үшін жоғарырақ мəндерді
таңдаңыз.
3000 4000 5000 6000 8000 10000 [
K
]