Қолданушы нұсқаулығы
233
Техникалық ескертпелер
➜
FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы
Орнату адаптерін пайдалану
• Адаптерді F бекіткіші бар NIKKOR объективімен бірге
пайдаланғанда автофокус күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін.
Фотокамерада фокустау қиындығы болса, АФ аумағының
режимін бір нүктелі деп орнатыңыз жəне орталық фокустау
аумағын таңдаңыз немесе қолмен фокустаңыз.
• Кейбір объективтерде фотокамераның дірілді азайту
мүмкіндігі күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін, я болмаса
виньеттеуді немесе шеткі жарықтандырудың төмендеуін
тудыруы мүмкін.
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
• Адаптерді салмағы 1300 г-нан асатын объективтермен бірге
пайдаланғанда фотокамераны ұстап тұрғанда объективті
тіреңіз жəне фотокамера бауын пайдаланбаңыз. Бұл сақтық
шараларын қолданбау фотокамераның объектив жиектемесін
зақымдауы мүмкін.
• Штатив сақинасымен жабдықталған телефото объективтерін
пайдаланғанда штативті адаптердің штатив ұяшығына емес,
объективтің штатив сақинасына жалғаңыз.
• Микропроцессордың жəне объективтің сигнал түйіспелерін
таза күйде ұстаңыз.
• Адаптер
ді
құрғақ ұстаңыз. Ішкі механизмнің тоттануы
жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
• Адаптерді өте ыстық жерлерде қалдыру қатайтылған
пластиктен жасалған бөліктерді зақымдауы немесе пішінін
өзгертуі мүмкін.