Қолданушы нұсқаулығы
230
Техникалық ескертпелер
➜
FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы
❚❚ Жалғау жəне алу
Фотокамераға адаптерді жалғау немесе алу, я болмаса
адаптерге объективтерді жалғау немесе алу алдында
фотокамераны өшіріңіз. Тік күн жарығынан аулақ орынды
таңдаңыз жəне құрылғыларға шаңның кіруін болдырмаңыз.
Объективтерді жалғау кезінде фотокамераның немесе
адаптердің объективті босату түймешігін басып қалмаңыз.
Адаптерді жəне объективті жалғау
1 Адаптерден корпус жəне объективтің артқы
қақпақтарын жəне фотокамерадан корпус қақпағын
алыңыз.
2 Адаптерді
фотокамераға
жалғаңыз.
Адаптерді бекіту
таңбасын фотокамера
корпусындағы бекіту
таңбасымен туралап
(q), адаптерді фотокамерада орналастырыңыз, содан кейін
орнына «шырт» етіп түскенше сағат тіліне қарсы
айналдырыңыз (w).
3 Объективтің артқы қақпағын алыңыз.