Қолданушы нұсқаулығы

203
Техникалық ескертпелер
Батарея төмен температураларда зарядталса немесе зарядталған
температурадан төмен температурада қолданылса, оның
сыйымдылығы уақытша азаюы мүмкін. Батарея 5 °C төмен
температурада зарядталса, Battery info (Батарея туралы мəлімет)
дисплейіндегі батареяның жарамды мерзімінің индикаторы уақытша
азаюды көрсетуі мүмкін.
Толық зарядталғаннан кейін батареяны зарядтай беру батареяның
жұмысына əсер етуі мүмкін.
Бөлме температурасында пайдаланған кезде толық зарядталған
батареяның бе
л
гілі бір уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін
білдіреді. Жаңа EN-EL15b батареясын сатып алыңыз.
Жинақтағы қуат кабелі жəне айнымалы ток қабырға адаптері тек
MH-25a зарядтау құрылғысымен бірге пайдалануға арналған. Зарядтау
құрылғысын үйлесімді батареялармен ғана пайдаланыңыз.
Пайдаланбаған кезде розеткадан суырып қойыңыз.
Зарядтау құрылғысының түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау зарядтау құр
ылғ
ысының шамадан тыс ысуына
жəне зақымдануына əкелуі мүмкін.
Батареяны пайдалану алдында зарядтаңыз. Маңызды шараларда
фотосурет түсірген кезде, толық зарядталған қосалқы батарея дайын
болсын. Орналасқан жеріңізге қарай қосалқы батареяларды тез арада
сатып алу қиынға соғуы мүмкін. Салқын күндері батареялардың
сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Сырттағы салқын ауа
райында фотосурет түсіру алдында бат
аре
яның толық зарядталғанына
көз жеткізіңіз. Қосалқы батареяны жылы жерде ұстаңыз жəне екеуін
қажетінше ауыстырыңыз. Жылығаннан кейін салқын батарея
зарядының белгілі бір бөлігі қалпына келуі мүмкін.
Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сай, алдымен
түйіспе тұстарды лентамен оқшаулап қайта өңдеуге тапсырыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптері: зарядтау айнымалы ток адаптерін
пайдаланғанда төмендегі сақтық шарала
рын қолданы
ңыз.
Зарядтау кезінде фотокамераны жылжытпаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау өте сирек жағдайларда фотокамераның батарея ішінара
зарядталған болса да, зарядтау аяқталды деп көрсетуіне əкелуі мүмкін.
Зарядтауды қайтадан бастау үшін адаптерді ажыратып, қайта қосыңыз.
Адаптердің түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау адаптердің шамадан тыс қызуына жəне зақымдануына
əкелуі мүмкін.
Пайдала
н
ылып жатпағанда адаптерді розеткадан ажыратыңыз.