Қолданушы нұсқаулығы

xii
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне,
жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз жəне
дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Əрекетті кешіктіру көз жарақаттарына əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ (Батареялар)
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Батареяларды үй жануарларынан жəне басқа жануарлардан аулақ
ұстаңыз.
Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса, батареялар ағуы,
қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін.
Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр əсерін
тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
Батареяларда өңсіздену неме
се
пішін өзгеруі сияқты кез келген
өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген
уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-EL15b қайта зарядталмалы
батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне,
жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.
Батареялар керек болмаған кезде түйіспе тұстарды лентамен
оқшаулаңыз.
Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу немесе өрт туынд
а
уы
мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, əсер етілген
аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне əкелуі мүмкін.