Қолданушы нұсқаулығы
120
i мəзірі
Қазіргі уақытта таңдалған параметр
дисплейдегі белгіше арқылы көрсетіледі.
❚❚ Баяу қозғалысты бейнефильмдер
Үнсіз баяу қозғалысты бейнефильмдерді жазу үшін Frame size/
frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін «баяу
қозғалыс» параметрін таңдаңыз. Баяу қозғалысты
бейнефильмдер номиналды жылдамдықтан 4 немесе 5 есе
азырақ жылдамдықпен жазылады жəне номиналды
жылдамдықта ойнатылады. Мысалы, 1920 × 1080; 30p ×4
(slow-mo) (1920 × 1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс)) мəнімен
түсірілген бейнефильмдер шамамен 120 кадр/сек кадр
жылдамдығымен жазылады жəне шамамен 30 кадр/сек кадр
жылдамдығымен ойнатылады, яғни 10 секунд
жазу шамамен
40 секундтық түсірілген бөлікті жасайды.
Жазу жəне ойнату жылдамдықтары төменде көрсетілген.
Шамамен 10 с
Жазу
Ойнату
Шамамен 40 с
Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы
Жазу
жылдамдығы
Қалыпты
A
1920 × 1080; 30p ×4 (slow-mo) (1920 ×
1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс))
120p
(119,88 кадр/сек)
30p
(29,97 кадр/сек)
B
1920 × 1080; 25p ×4 (slow-mo) (1920 ×
1080; 25p ×4 (баяу қозғалыс))
100p
(100 кадр/сек)
25p
(25 кадр/сек)
C
1920 × 1080; 24p ×5 (slow-mo) (1920 ×
1080; 24p ×5 (баяу қозғалыс))
120p
(119,88 кадр/сек)
24p
(23,976 кадр/сек)
D Баяу қозғалысты бейнефильмдер
«Баяу қозғалыс» параметрін таңдағанда жыпылықтауды азайту,
электрондық дірілді азайту жəне уақыт кодын көрсету сияқты
мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.