Қолданушы нұсқаулығы

92
Суретке түсіру басқару элементтері
Қосымша селекторды фокустау нүктесін
таңдау үшін джойстик ретінде
пайдаланыңыз немесе фокусты жəне/
немесе экспозицияны құлыптау үшін
қосымша селектордың ортасын
басыңыз.
Фокустау нүктесін таңдау
Түсіру режимінің дисплейінде фокустау
нүктесін таңдау үшін қосымша
селекторды пайдаланыңыз. АФ
аумағының режимі ретінде АФ аумағын
автоматты түрде таңдау таңдалса,
фокустау нүктесін таңдау қолжетімді
емес болады (0 54).
Автоэкспозиция (АЭ) құлпы
Қосымша селектордың ортасын басу экспозицияны ағымдағы
параметрде құлыптайды. АЭ құлпын түпкілікті кадр
жиектемесінде таңдалған фокустау аумағында болмайтын
нысанды өлшеуден кейін түсірілімдерді қайта жиектеу үшін
пайдалануға болады, əсіресе нүктелі немесе ортасы бойынша
өлшеуде тиімді.
Фокустау құлпы
AF-C фокустау режимі таңдалғанда ағымдағы нысанда фокусты
құлыптау үшін қосымша селектордың ортасын басыңыз.
Фокустау құлпын пайдаланғанда АФ аумағын автоматты түрде
таңдаудан басқа АФ аумағының режимін таңдаңыз.
Қосымша селектор
Фокустау нүктесі