Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
69
Негізгі параметрлер
D Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы)
күйін таңдау ысырманың дыбысын өшіреді, бірақ фотографтарды
нысандардың жеке өмірге құқығын жəне кескінге құқықтарын бұзбау
қажеттілігінен босатпайды. Механикалық ысырманың шуы
өшірілгенімен, басқа дыбыстар əлі де естілуі мүмкін, мысалы
автофокусты немесе апертураны реттеу кезінде, я болмаса Vibration
reduction (Дірілді азайту) үшін Off (Өшірулі) күйінен ба
сқа пара
метр
таңдалған кезде G немесе K түймешігін бассаңыз. Дыбыссыз
фотосурет түсіру кезінде флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе
натрий газ разрядты шамдар астында, я болмаса суретке түсіру кезінде
фотокамера немесе нысан қозғалса, дисплейде жəне түпкілікті суретте
жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану көрінуі мүмкін. Кертілген
шеттер, түсті жиек, муар жəне жарық нү
ктелер де па
йда болуы мүмкін.
Жыпылықтайтын белгілерден жəне басқа үзік-үзік жарық көздерінен, я
болмаса нысанды стробоскоптық немесе басқа жарық, лездік жарық
көзі қысқа уақытқа жарықтандырса, кадрдың кейбір аумақтарында
жарық аймақтар немесе жолақтар көрінуі мүмкін.