Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
68
Негізгі параметрлер
Электрондық ысырманы қосу жəне
механикалық ысырманың жұмысы
тудыратын шу мен дірілді жою үшін
фотосурет түсіру мəзірінде Silent
photography (Дыбыссыз фотосурет
түсіру) үшін On (Қосулы) күйін
таңдаңыз. Баптау мəзірінде Beep
options (Дыбыстық сигнал параметрлері) үшін таңдалған
параметрге қарамастан, фотокамера фокустағанда немесе
өздігінен түсіруді реттейтін таймер кері санап жатқанда
дыбыстық сигнал шықпайды. Электрондық ысыр
ма d5 (Shutter
type (Ысырма түрі)) қолданушы параметрі үшін таңдалған
параметрге қарамастан пайдаланылатынын ескеріңіз.
Дыбыссыз фотосурет түсіру қосулы
кезде белгіше көрсетіледі. Continuous
H (extended) (Үздіксіз Ж (кеңейтілген))
режимінен басқа суретке түсіру
режимдерінде ысырманы босатқанда
фотосурет түсірілгенін көрсету үшін
дисплей қысқа уақытқа күңгірттенеді.
Дыбыссыз фотосурет түсіруді қосу үздіксіз суретке түсіру
режимдері үшін кадрдың ілгерілеу жылдамдықтарын
өзгертеді
(0 87) жəне кейбір мүмкіндіктерді, соның ішінде жарқылды, ұзақ
экспозиция бұрмалануын азайтуды жəне жыпылықтауды
азайтуды өшіреді.
Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет
түсіру)