Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

47
Негізгі фотосурет түсіру жəне ойнату
Бейнефильм режимінде ысырманы
босату түймешігін соңына дейін басу
арқылы жазуды үзусіз фотосуреттер
түсіруге болады. Фотосурет түсіргенде
дисплейде C белгішесі жыпылықтайды.
D Бейнефильм режимінде фотосуреттер түсіру
Фотосуреттерді тіпті нысан фокуста болмаса да түсіруге болатынын
ескеріңіз. Фотосуреттер жоғары m сапалы JPEG пішімінде, қазіргі
уақытта бейнефильмнің кадр өлшемі таңдалған өлшемдерде
жазылады. Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде жазу кідіртілген кездегі
кадрдың ілгерілеу жылдамдығы Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/
кадр жылдамдығы) үшін таңдалған параметрге қарай өзгеріп
отырады, бірақ жазу орындалып жатқанда ысырманы бо
са
ту
түймешігін басқан сайын тек бір фотосурет түсіріледі. Əр
бейнефильмде 50-ге дейін фотосурет түсіруге болады.
D Суретке түсіру кезінде
Флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрий шамдар астында
дисплейде жəне түсірілген фотосуреттер мен бейнефильмдерде
немесе қозғалыстағы нысандарды түсіргенде, əсіресе фотокамера
көлденеңінен панорамаланса немесе нысан кадр арқылы жоғары
жылдамдықпен жылжыса, жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану
көрінуі мүмкін. Кертілген шеттер, түсті жиек, муар жəне жарық нүктелер
де пайда болуы мүмкін. Жыпылықтайтын белгілер не
м
есе басқа үзік-
үзік жарық көздері болғанда, я болмаса нысан стробоскоптық немесе
басқа жарық, уақытша жарық көзімен қысқа уақытқа жарықтандырылса,
кадрдың кейбір аумақтарында жарық аймақтар немесе жолақтар пайда
болуы мүмкін, ал объектив көрінісін ұлғайтсаңыз, бұрмалану
(кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе
сызықтар) жəне күтпеген түстер пайда болуы мүмкін. Бейнефильм жаз
у
кезі
нде электр жетекті апертура пайдаланылса, жыпылықтау орын
алуы мүмкін.
Фотокамераны күнге немесе басқа күшті жарық көздеріне
бағыттамаңыз. Бұл сақтық шараны орындамау нəтижесінде
фотокамераның ішкі тізбектері зақымдалуы мүмкін.