Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

461
Техникалық ескертпелер
FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы
Бұл орнату адаптері Nikon F бекіткіші бар NIKKOR
объективтерін Nikon Z бекіткіші бар айнасыз фотокамераларға
бекітуге мүмкіндік береді. Оны F бекіткіші бар (Nikon сандық
айналы фотокамерасы) немесе 1 бекіткіші бар
фотокамераларда (өзара ауыспалы объективтері бар Nikon 1
кеңейтілген фотокамералары) бекіту немесе 1 NIKKOR
объективтерімен бірге пайдалану мүмкін емес. Бұл бөлім
орнату адаптерін жинағын сатып алушыларға арналған орнату
адаптерінің нұсқаулығы ретінде қосылған. Кейбір елдерде
немесе аймақтар
да орнату адаптері жинақтары қолжетімді
болмауы мүмкін екенін ескеріңіз.
Объективке байланысты адаптер автофокусты немесе
фотокамераның басқа мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
FTZ орнату адаптерінің қолданушы
нұсқаулығы
A Үйлесімді F бекіткіші бар объективтер
Z бекіткіші бар фотокамераларда пайдалануға арналған FTZ орнату
адаптерін бекітуге болатын объективтер туралы ақпаратты Nikon
жүктеп алу орталығында қолжетімді Үйлесімді F бекіткіші бар
объективтер бөлімінде қараңыз:
https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/491/FTZ.html